Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Қаңтар оқиғасына қатысы бар сотталғандардың орналасқан жері туыстарына хабарланады

orda.kz
65


Қаңтар оқиғасы кезінде қылмыс жасағаны үшін сотталған барлық азаматтар қазіргі уақытта заңнамаға сәйкес тергеу изоляторларында ұсталып отыр. Бұл туралы «Орда» редакциясына Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінен (ҚАЖК) хабарлады.

Сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін сотталғандар қауіпсіздік санатына және жаза өтеу орнының бөлінуіне сәйкес анықталған мекемелерге жіберіледі.

«Бұл процесс белгіленген нормативтерге сәйкес жүзеге асырылады және ешқандай ерекшелік жасалмайды. Көшіру (этаптау) видеотіркеуіштер мен бейнебақылау камераларын қолдану арқылы жүргізіледі», – деп мәлімдеді ҚР Ішкі істер министрлігінің ҚАЖК өкілдері.

Комитеттің хабарлауынша, сотталғандардың ең жақын туыстарына олардың қай мекемеде жазасын өтейтіні туралы уақтылы хабар беріледі. Сонымен қатар, сотталғандарға заңда көзделген барлық құқықтар кепілдендірілген.

Еске салайық, адвокат Елена Жигалёнок әлеуметтік желіде үкім жарияланғаннан кейін 40-тан астам сотталған азаматтың Қазақстанның әртүрлі өңірлеріндегі ҚАЖК мекемелеріне жіберілгенін айтып, бұл олардың конституциялық құқықтарының өрескел бұзылуы екенін мәлімдеген. Ал кейбір сотталушылардың туыстары олардың нақты қай жерде екенінен бейхабар екенін әлеуметтік желіде жазды.