Прокурор Арыстан Әлікенов Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстанның 99 азаматына азаптау жасаған полицейлерге жаза сұрады. Әңгіме Қаңтар оқиғалары жайлы болып отыр (істі толық мәліметтері жоғарыда көрсетілген).
Қысқаша еске салсақ: 2022 жылдың 7 қаңтарында ҰҚК Шекара қызметінің басшылығы Алматыдағы тәртіпсіздікке қатысқандарды іздеу операциясын ұйымдастырды. Сол күні әскерилер Алматы – Бішкек тасжолында блокбекет орнатып, 99 адамды, соның ішінде Рузахуновты, ұстады.
Ұсталғандарды сол кезде ресми түрде жұмыс істемеген Қошмамбет ауылындағы уақытша ұстау изоляторында азаптаған. Жәбірленушілердің айтуынша, изолятор ғимаратында су да, жылыту да болмаған.
Айыпталушылар:
— Серік Турпанбаев.
— Нұрсұлтан Хамитов.
— Арман Шойбеков.
— Берік Әбілбеков.
— Олжас Айдарханов.
Оларға «Азаптау» және «Өкілеттікті асыра пайдалану» баптары бойынша айып тағылды.
Бүгін прокурор Әлікенов алты айыпталушыны шендерінен айырып, үш жылға бас бостандығынан айыру және сот залында бірден қамауға алу жазасын сұрады.
Желтоқсанда джаз өнерпазы Викрам Рузахунов полицейлерден 61 миллион теңге өндіріп алғысы келетінін хабарлады.