Ақтау маңындағы әуе апатынан кейін "қара жәшік" маңайындағы ойындар басталды. Сарапшыларда ұшаққа Грозный маңындағы Наур ауданында тұрған әуе қорғаныс жүйесінің зымыраны әсер етті деген күдік бар. Олай болып жатса Кавказдағы ең үлкен ел Әзірбайжан Ресеймен контактыларын барынша азайтуы мүмкін. Және Ресейге халықаралық әуе рейстері қысқаратыны анық.
Қазақстан бұл іске халықаралық сарапшыларды тартып, зерттеудің ашық болуын қалап отыр. Себебі, әлем қауымдастығы осы жағдайға көз тігуде. Бүгін Ақтауға Embraer өндірушісі мен Бразиялияның CENIPA орталығының мамандары ұшып келді. Және бұл іске негізгі халықаралық орган - ИКАО тартылуы тиіс.