Қарағанды облысы Шахтинск қаласының соты "Қазақстан" шахтасындағы апат бойынша қылмыстық істі қарауға кірісті
🔸 21 маусымда алдын ала сот отырысы өтті. Бұл істе төрт адам сотқа тартылған, бәрі – "Қазақстан" шахтасының қызметкері. Қазір олар үйқамақта отыр. Қызметкерлерді "Тау-кен немесе құрылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзды" деп айыптап жатыр.
🔸 Қаза тапқан кеншілердің туыстары мен зардап шеккен кеншілер, шамамен 20-дан аса адам істе жәбірленуші деп танылған. Олар соттан қылмыстық істі прокурорға тергеуге қайтаруды, "Қазақстан" шахтасының лауазымды қызметкерлеріне де шара қолдануды сұраған.
Прокурор бұған қарсы болды. Сот өтінішті қарап, қылмыстық істі прокурорға қайтаруға негіз жоқ деп ұйғарды. 10 шілдеде негізгі сот басталады деп белгіленді.