Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Қарағанды облысында мектеп директорының қызы бүтін бір ауылды алдап кетті

orda.kz
44


Доскей ауылының тұрғындары полицияға арыз жазып, жергілікті мұғалім, мектеп директорының қызы олардың атына жасырын түрде несие рәсімдегенін хабарлады.

Тұрғындар 100 миллион теңгеге жуық қаражатынан айырылғаны.

Барлығы өткен жылы басталған. Бастауыш сынып мұғалімі Алмагүл Нәбиева ауыл тұрғындарынан қарызға ақша сұрай бастайды. Жәбірленушілердің айтуынша, ол таныстарынан, әріптестерінен, оқушылардың ата-аналарынан көмек сұрап, қол ұшын беруді өтінген.

Кейбір тұрғындарды мектептің өзінде несие рәсімдеуге көндірген.

«Ол маған адвокатқа төлем жасау үшін көмек керек екенін айтты. Күйеуімен ажырасу үшін ақша қажет деп жалынып жүрді. Тіпті тізерлеп жалына жаздады, күнде хабарласып, үйге келетін. Мен оны бала кезден танимын, сол себепті сеніп қалдым. Әкесі — мектеп директоры. Оның үш баласы бар болған соң жағдайына түсіністікпен қарадым. Кредитті үш айда жауып беремін деп уәде берді. Барлық құжаттарды өзі толтырып, менің атымнан рәсімдеді», — дейді Доскей ауылының тұрғыны Кенжегүл Қожанова, ол 4,5 миллион теңгеге несие алған.

Осыған ұқсас жағдайды мектеп қызметкері Тимур Зайытов та бастан өткерген. Ол барлық қаражатынан айырылғанын және қазір банктегі қарыздарын өтеп жүргенін айтады.

«Ол маған „өтінемін, көмектесіңіздер“ деп жалынып келді. Бір айдан кейін дүкенімді сатып, қарызымды қайтарамын деді. Соңғы сот процесі қалды, адвокатқа төлеуім керек деді. Қазір ақшасыз қалдым. Барлық жалақым несиені жабуға кетіп жатыр. Қазір ата-анамның мойнындамын», — дейді ауыл тұрғыны.

Спойлер: ауылдағы осы жағдайдың себебі Алмагүлдің өзін «бизнесмен» деп таныстырған, кейін сүйіктісіне айналған адаммен танысуынан болған екен.