Қаскелең қаласындағы мектептердің бірінде үзіліс кезінде 9-сынып оқушысы көз жұмды.

17

Munarmedia.kz 23.01.2026 /Астана/ Алдын ала мәліметтерге сәйкес, оқушының өліміне миға қан құйылу себеп болған.

Exclusive.kz порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлағандай, қайғылы оқиға бірінші сабақтан кейінгі үзіліс кезінде, мұғалімдер мен оқушылардың көз алдында орын алған.

Оқу орны әкімшілігінің мәліметінше, 15 жастағы жасөспірімнің жағдайы кенеттен нашарлап, ол басының айналғанын және жүрегі айнығанын айтқан. Мектеп әкімшілігі бірден жедел жәрдем шақырған. Оқиға сәтінде оқушының жанында осы мектепте мұғалім болып жұмыс істейтін әжесі болған.

Жедел жәрдем бригадасы дер кезінде жетіп, реанимациялық шаралар жүргізуге тырысқанымен, жасөспірімді аман алып қалу мүмкін болмады. Ол оқиға орнында көз жұмды.