14 қаңтарда «Абу-Даби тұрақты даму апталығы» халықаралық саммиті аясында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нигерия басшысы Бола Ахмед Тинубумен кездесті.
Ақорда таратқан ақпаратқа сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев Африканың ең халқы көп мемлекеті әрі құрлықтың ірі экономикаларының бірі саналатын Нигериямен жан-жақты ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде Нигерия президенті екіжақты қарым-қатынасты дамытуға дайын екенін білдірді.
Кездесудің негізгі тақырыптары:
сауда-экономика, көлік-логистика, энергетика және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықты дамыту;
көпжақты құрылымдар аясындағы өзара іс-қимылды жандандыру;
халықаралық күн тәртібіне қатысты пікір алмасу.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Бола Ахмед Тинубуді Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.
Еске сала кетейік, Қазақстан президенті 13 қаңтардан бастап Біріккен Араб Әмірліктерінде жұмыс сапарымен жүр. Сол күні ол БАӘ президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездесті.
📸 Фото: Ашық дереккөздер