Қазақстан Президенті Ақтаудағы әуе апаты кезінде кәсібилік пен батылдық танытқан азаматтарды марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.
Марапатталғандар:
“Айбын” ордені II дәрежесі:
Айбек Әлібаев, Маңғыстау облысы Полиция департаментінің криминалисті.
“Айбын” ордені III дәрежесі:
Серікболат Оңғар, Басқұдық ауылындағы №12 өрт бөлімінің командирі.
“Құрмет” ордені:
Бақытжан Қойбеков, Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының бөлім меңгерушісі.
Ирина Кочергина, Ақтау халықаралық әуежайындағы медициналық пункттің меңгерушісі.
“Ерлігі үшін” медалі:
Тимур Қисаев, жедел жәрдем фельдшері.
Оспан Оразбеков, апаттық медицина орталығының дәрігері.
Ярослав Толстиков, “Қазаэронавигация” Ақтау филиалының диспетчері.
Нұралы Чопанов, Маңғыстау электр желілері компаниясының шебері.
“Ерен еңбегі үшін” медалі
Бекболат Жұмағұлов, Ақтау халықаралық әуежайы қызметі бастығының орынбасары.
Эльдар Оразалиев, Сот сараптамалары орталығының маманы.
Сонымен қатар, 51 адам Президенттің алғыс хатымен марапатталды.
📸 Фото: akordakz