Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

«Қазақмыс» ереуілге шыққан жұмысшылардың жалақысын көтеруден бас тартты

26



«
Қазақмыс» корпорациясы «Жезқазғанцветмет» жұмысшыларының жалақыны көтеру туралы талабына жауап берді.

«Кездесу барысында олар «Жезқазғанцветмет» мекемесіндегі ең төменгі жалақы 363 мың теңге екенін, ал медиандық жалақы 650 мың теңге екенін айтты. Ұлытау облысындағы медиандық жалақы — 404 105 теңге, ал Қазақстан бойынша медиандық жалақы бұдан екі есе төмен – 285 677 теңге», — делінген хабарламада.



Естеріңізге сала кетейік, Сәтбаев қаласында «Қазақмыс» кеншілері ереуілге шыққан. Жұмысшылар жалақыны көтеруді талап еткен.