Қазақстан 2027 жылы «Байқоңыр» үшін Ресейден 6,9 млрд теңгеге аз алуы мүмкін

8

Munarmedia.kz 07.09.2026.ASTANA  Қазақстан 2027 жылы «Байқоңыр» ғарыш айлағын жалға бергені үшін Ресейден 6,9 млрд теңгеге аз қаражат алуы мүмкін

Қаржы министрлігі 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын жариялады. Құжатқа сәйкес, 2027 жылы мемлекеттік бюджетке 25,4 трлн теңге түсім түседі деп жоспарланған. Бұл 2026 жылғы көрсеткіштен 2,2 трлн теңгеге көп. Ал бюджет тапшылығы 4,5 трлн теңге болуы мүмкін.

Бюджет жобасында Қазақстанның «Байқоңыр» ғарыш айлағын жалға бергені үшін алатын төлемі де көрсетілген. 2027 жылы бұл түсім 55,2 млрд теңге деңгейінде жоспарланған. Бұл 2026 жылғы 62,1 млрд теңгемен салыстырғанда 6,9 млрд теңгеге аз.

Болжам бойынша, елдің номиналды жалпы ішкі өнімі 2027 жылы 199,3 трлн теңгеден 2029 жылы 245 трлн теңгеге дейін өседі.

Сондай-ақ Ұлттық қордан бюджетке берілетін трансферт көлемін 2,4 трлн теңге деңгейінде белгілеу жоспарланып отыр.

#Қазақстан #Munarmedia #Астана #Байқоңыр #Ресей #Бюджет #Қаржы #ҰлттықҚор #Экономика #ЖІӨ