Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Қазақстан армиясы түрік Bayraktar дрондарын алады

114


Қазақстан армиясын түрік өндірісіндегі ұшқышсыз басқарылатын аппараттармен (ҰБА) жабдықтап қана қоймай, олардың өндірісін ел аумағында іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды «Орда» ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл мәселе Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов пен Baykar Defence компаниясының бас директоры Халук Байрактар арасында өткен келіссөздер барысында талқыланды. Келіссөздер 2024 жылы Ыстамбұлда өткен Saha Expo көрмесінде өтті.

«Тараптар тактикалық ұшқышсыз авиациялық жүйелер мен барлау-оқ-дәрілерін Қазақстан аумағында өндіруді локализациялау бойынша жол картасын әзірлеу туралы келісімге келді», — деп хабарлады Қазақстанның қорғаныс ведомствосы.

Көрме барысында Қазақстан делегациясына Bayraktar AKICI, Bayraktar TB3, Bayraktar TB2, Bayraktar Kalkan және Mosquito-X барлау-оқ-дәрілері таныстырылды.

«Келіссөздердің нәтижесінде Қорғаныс министрлігі мен Baykar компаниясы делегацияларының жұмыс кездесуі туралы хаттамаға қол қойылды. Хаттамаға сәйкес, түрік тарапы Bayraktar Kalkan, Bayraktar Mini ұшқышсыз авиациялық жүйелерін және Mosquito-X барлау-оқ-дәрісін Қазақстанның Қарулы Күштерінде әскерлік сынақтан өткізу үшін тегін беруге дайын екенін растады», — деп мәлімдеді ведомство.

Сонымен қатар, Қорғаныс министрлігі бұл бағытта отандық әзірлемелердің де жүргізіліп жатқанын атап өтті. Мысалы, алматылық мамандар қазіргі уақытта қазақстандық әскерилер сынақтан өткізіп жатқан дронға қарсы қару жасаған.

Бұған дейін, тамыз айында, Қазақстан армиясына броньды машиналар, ұшақтар мен коптерлер жеткізу туралы жазған едік.

* Фото: Қорғаныс министрлігі.