Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Қазақстан арқылы Ресейге санкцияны айналып өтуге жол берілмейді

60

ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәлімдеунеше, Қазақстан   Ресейдіңөзіне  қарсы қойылған  санкцияларды айналып өту үшін пайдаланылғанын қаламайды.

«Қазақстан Ресейге қарсы санкциялар енгізген жоқ және бұл санкцияларға қосылған жоқ. Сол уақытта біздің аумақты санкцияларды айналып өту үшін пайдаланғандарын қаламаймыз», — деді Василенко Польшаның РАР ақпарат агенттігіне берген сұхбатында (ТАСС дерегіне сүйеніп).

Вице-министрдің айтуынша, Қазақстанның ұстанымы «батыс елдеріне де, Ресейге де белгілі әрі түсінікті». Дипломат санкцияларды айналып өтуге жол бермеу үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатқанын атап өтті, себебі Қазақстан Ресейдің кесірінен «екінші деңгейлік санкцияларға ұшырағанын қаламайды».

2023 жылдың наурыз айында РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Қазақстанның антиресейлік санкцияларды айналып өтуге қарсы күрес жүйесін енгізгені туралы пікір білдірді. Ол Астананың әрекеттерін бұл шектеулерге бағынбайтын елдерге АҚШ тарапынан қысым көрсетумен түсіндірді.