Орталық Азияда әуе такси жобалары дамып келеді, бірақ олардың іске асырылуы әртүрлі деңгейде.
Қазақстанда Urban Air Mobility (UAM) жобасы нақты жүзеге асырыла бастады. Көлік министрлігі арнайы жұмыс тобын құрып, тестілік ұшуларды 2025 жылдың II–III тоқсанында бастау жоспарланып отыр.
Ал Өзбекстанда әуе такси жобасы әзірге тек келісім меморандумымен шектелуде. Министрлік пен Jetex (БАӘ) компаниясы арасында 2023 жылы келісім жасалып, Ташкенттің "Шығыс әуежайында" VIP терминалын және ангарды салу жоспарланған. Дегенмен, жобаның нақты іске асыру мерзімдері мен техникалық қадамдары әлі белгісіз.
Бұл тұрғыда Қазақстан көршісінен озып барады, себебі еліміз нақты қадамдар жасап, жобаны жүзеге асыру жолында ауқымды дайындықтар жүргізуде. Өзбекстанда әлі де тек идеялар мен талқылаулар деңгейінде.