"Қазақстан Барысы – 2025" турнирінің жеңімпазы – Марат Байкамұров!

24

Munarmedia.kz 20.10.2025 /Астана/ Астанада өткен ұлттық дәрежедегі дүбірлі дода — "Қазақстан Барысы – 2025" турнирінде жеңіс тұғырынан Марат Байкамұров көрінді. Ол алтын белбеу мен 15 миллион теңге көлеміндегі ақшалай жүлдеге ие болды.

Биылғы турнирге еліміздің түкпір-түкпірінен 43 мықты балуан қатысып, боз кілемде бақ сынасты. Байкамұров Қазақстан Қарулы күштері атынан сынға түскен. Жеңістен кейін ол бұл жетістігін әкесіне арнағанын айтты.

Айта кетейік, "Қазақстан Барысы" турнирі жыл сайын ұлттық спорттың абыройын асқақтататын маңызды оқиғаға айналды. Бұл — тек күш сынасу алаңы ғана емес, қазақ күресінің рухын, ел бірлігін дәріптейтін жарыс.

Марат Байкамұровтың бұл жеңісі — әскери спортшылардың да биік белестерді бағындыра алатынын дәлелдеген сәттердің бірі болды.