Қазақстан Бас прокуратурасы чечен белсендісін Ресейге экстрадициялау жөніндегі сұрауды қанағаттандырды

28

Munarmedia.kz 01.02.2026 /Астана/ Қазақстанның Бас прокуратурасы чечен белсендісі Мансур Мовлаевты Ресейге беру туралы экстрадициялық сұрауды қанағаттандыру жөнінде шешім қабылдады. Бұл туралы заңгер Мұрат Адам хабарлады.

Бұған дейін Қазақстан билігі Мовлаевқа босқын мәртебесін беруден бас тартқан болатын.

Мовлаевтың қорғау тарапы экстрадициялау туралы шешімге шағым түсірді. Сот отырысы 11 ақпанда өтеді. «Азаттық Азия» басылымына берген түсініктемесінде адвокаттар Мовлаевтың Шешенстандағы қазіргі билікті сынға алғаны үшін қудалауға ұшырағанын мәлімдеді.

«Ол республикадағы жемқорлық туралы, кадыровшылардың келіп, адамдардың із-түзсіз жоғалып кететіні жөнінде айтқан. Барлық мән-жайды ескере отырып, оған қатысты саяси репрессия бар деп есептейміз», — деді қорғаушылар.