Қазақстан боксшылары Әлем кубогында 16 медаль жеңіп алды

107

Munarmedia.kz. 08.07.2025 ж /Астана/


Астанада World Boxing ұйымының аясында өткен бокстан Әлем кубогының кезеңі өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы бұл жарыста тамаша нәтиже көрсетіп, жалпы есепте 16 медаль — 8 алтын, 4 күміс және 4 қола еншіледі.

Турнирдің шешуші жекпе-жегінде Айбек Оралбай 90 келіден жоғары салмақта Германия өкілі Никита Путиловты жеңіп, алтын медаль иегері атанды.

Алтын медаль иегерлері:

▪️ Назым Қызайбай (48 кг дейін);
▪️ Санжар Ташкенбай (50 кг дейін);
▪️ Махмуд Сабырхан (55 кг дейін);
▪️ Виктория Графеева (60 кг дейін);
▪️ Наталья Богданова (70 кг дейін);
▪️ Сабыржан Аққалықов (75 кг дейін);
▪️ Бекзад Нұрдәулетов (85 кг дейін);
▪️ Айбек Оралбай (90 кг жоғары).

Күміс жүлдегерлер:

▪️ Алуа Балкибекова (51 кг дейін);
▪️ Надежда Рябец (75 кг дейін);
▪️ Нұрбек Оралбай (80 кг дейін);
▪️ Елдана Тәліпова (80 кг жоғары).

Қола медаль иегерлері:

▪️ Айдана Забынбекова (57 кг дейін);
▪️ Аида Әбікеева (65 кг дейін);
▪️ Ертуған Зейноллинов (65 кг дейін);
▪️ Сағындық Тоғамбай (90 кг дейін).

Қазақстандық боксшылардың бұл жетістігі ұлттық құраманың жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр.

Фото: ҚР ҰОК