Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Қазақстан БҰҰ кеңесінде адам құқықтары жөніндегі есебін ұсынды

57


2025 жылғы 23 қаңтарда Қазақстанның Әділет министрі Ерлан Сарсембаев Женевада өткен Адам құқықтары жөніндегі БҰҰ кеңесінің 48-ші сессиясында баяндама жасады. Қазақстан делегациясы республикадағы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша халықаралық міндеттемелерді орындау туралы төртінші Ұлттық баяндаманы ұсынды.

Делегация құрамына Бас прокуратураның, Сот әкімшілігінің, ішкі істер, мәдениет және ақпарат, сыртқы істер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау мен ағарту министрліктерінің өкілдері кірді.

Баяндамада соңғы бес жылдағы Қазақстанның жетістіктері көрсетілді, соның ішінде:

* әділетті әрі қолжетімді сот төрелігін қамтамасыз ететін әкімшілік әділеттің енгізілуі,

* Конституциялық соттың қалпына келтірілуі,

* құқық қорғау және сот жүйесіндегі ашықтық пен есептілікті арттыруға бағытталған реформалар.

Ерлан Сарсембаев алдыңғы баяндамадан бері Қазақстан демократияландыру және азаматтардың құқықтарын қорғау саласында айтарлықтай жетістіктерге жеткенін атап өтті.

Интерактивті диалог барысында БҰҰ-ға мүше мемлекеттер Қазақстанның ілгерілеуін атап өтіп, құқық қорғау заңнамасын және оның іс жүзіндегі орындалуын жетілдіру бойынша ұсыныстар берді.


📸 Фото: govkz