Қазақстан Иордания жерінде газ өндіретін болды

"Қазатомөнеркәсіп" пен JUMCO уран өндірісі бойынша әріптестік орнатты
"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы мен Иорданияның Jordan Uranium Mining Company (JUMCO)арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Құжат уран өндірудің жаңа технологияларын әзірлеу және енгізу мүмкіндіктерін зерттеуді, сондай-ақ оны қайта өңдеу мен экспорттаудағы ықтимал бірлескен ынтымақтастықты қарастырады.
"JUMCO компаниясымен серіктестік жаңа халықаралық мүмкіндіктерге жол ашады және Қазақстанның жаһандық уран нарығындағы позициясын нығайтады", – деді "Қазатомөнеркәсіп"басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов.
Бұл меморандум Қазақстан мен Иордания арасындағы атом энергетикасы саласындағы стратегиялық әріптестікті дамытудың маңызды қадамы болуы мүмкін.