Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің мәліметінше, Қазақстанда энергетика саласы үшін кадрларды 40 жоғары оқу орны мен 215 колледж даярлайды. Бұл білім беру мекемелерінде 19 мыңға жуық студент жеті мамандық бойынша білім алуда.
Алайда, электр энергиясын өндіретін жаңа нысандардың салынуына байланысты, 2030 жылға дейін энергетика саласындағы сұранысқа ие мамандықтарға қажеттілік 20 мыңнан астам адамды құрауы мүмкін деп болжануда.
2030 жылға қарай Қазақстанда атом электр станциясының құрылысы жобасы аясында шамамен 5 мың адам жұмыспен қамтылса, 2032 жылы құрылыс шарықтау шегіне жеткен кезде бұл көрсеткіш 10 мың адамға дейін артуы мүмкін.