Munarmedia.kz 07.03.2026 /Astana/ – Қазақстан мектептерінде ерекше назарды қажет ететін оқушыларға арналған жеке сүйемелдеу жүйесі енгізілмек. Жаңа бастама құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы заңмен байланысты.
Жаңашылдыққа сәйкес, оқушыларды жеке бақылауға алу туралы шешімді мектептің профилактика кеңесі қабылдайды. Бұл жүйе тәртібі мен мінез-құлқында мәселелері бар балалармен жұмысты күшейтуге бағытталған.
Ерекше бақылауға сабақтан жиі қалатын оқушылар, құқық бұзушылық жасағандар және әлеуметтік жағдайы күрделі отбасылардан шыққан балалар алынуы мүмкін. Сонымен қатар оқу үлгерімінде қиындықтары бар немесе зорлық-зомбылықтың құрбаны болған мектеп оқушылары да осы санатқа енгізілуі ықтимал.
Дегенмен кейбір сарапшылар жаңа жүйе шынайы қолдаудан гөрі бюрократиялық рәсімге айналып кетуі мүмкін деген алаңдаушылық білдіріп отыр.
Толығырақ біздің Telegram арнамызда:
https://t.me/Munarmedia