Қазақстан мен Бельгия экономикалық әріптестікті нығайтуда

39

Munarmedia.kz 24.09.2025 / Астана /Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 80-сессиясы аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бельгия Корольдігінің Премьер-министрі Барт де Вевер арасында екіжақты кездесу өтті. Бұл туралы DKNews.kz хабарлайды.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Еуропалық Одақтағы маңызды серіктестерінің бірі саналатын Бельгиямен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән беретінін атап өтті.


Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Брюссель Қазақстан экономикасына ірі инвестиция салушылардың алғашқы ондығына кіреді. Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі жарты миллиард АҚШ долларына жуықтады.

Кездесу барысында тараптар екіжақты экономикалық қарым-қатынасты одан әрі кеңейтудің әлеуеті зор екенін атап өтті. Әсіресе мынадай салалар бойынша:

  • стратегиялық маңызды пайдалы қазбалар;

  • мұнай-химия өнеркәсібі;

  • ауыл шаруашылығы;

  • өнеркәсіп пен көлік-логистика;

  • жасанды интеллект;

  • қаржы саласы, туризм және білім беру.

Барт де Вевер екіжақты күн тәртібін талқылауға мүмкіндік бергені үшін ризашылығын білдіріп, Қазақстан Президентіне Бельгия Королі Филипптің ізгі тілектерін жеткізді.