Munarmedia.kz 24.09.2025 / Астана /Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 80-сессиясы аясында Финляндия Президенті Александр Стуббпен келіссөздер жүргізді. Бұл туралы DKNews.kz хабарлайды.
Кездесу барысында мемлекет басшылары екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Финляндия арасындағы жоғары деңгейдегі саяси диалогтың екіжақты қарым-қатынастардың нәтижелілігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Осы ретте Мемлекет басшысы Финляндия Президентінің Қазақстанға алдағы жоспарланған ресми сапары екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық ынтымақтастықтың әлеуетін одан әрі ашуға ықпал ететініне сенім білдірді.
Келіссөздер барысында тараптар қазіргі геосаяси ахуалға да ерекше назар аударып, жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылық мәселелері бойынша пікір алмасты.