Қазақстан мен Франция логистика және энергетика салаларындағы әріптестікті кеңейтуде

40



Munarmedia.kz 24.09.2025 / Астана / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясы аясында Франция Президенті Эммануэль Макронмен кездесу өткізді. Бұл туралы DKNews.kz хабарлайды.


Кездесу барысында екі ел басшылары Қазақстан мен Франция арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Францияны Еуропалық Одақтағы Қазақстанның басты әрі сенімді серіктестерінің бірі екенін атап өтті.

Мемлекет басшылары бұған дейінгі жоғары деңгейде жасалған келісімдердің нақты нәтижелер беріп жатқанын қанағаттанушылықпен атап өтті. Атап айтқанда, энергетика, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау сияқты салаларда ынтымақтастық қарқынды дамып келеді.

Сонымен қатар, мәдени-гуманитарлық байланыстар да жемісті түрде кеңеюде.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эммануэль Макрон өзара геосаяси мәселелер бойынша пікір алмасып, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар бойынша ұстанымдарын үйлестірді.