Munarmedia.kz 06.08.2026. ASTANA Қазақстан мен Ресейдің археологтары «Катанда–2026» халықаралық экспедициясы барысында Алтай өңірінен түркі дәуіріне жататын жаңа ғұрыптық-мемориалдық кешендерді анықтады.
Алтай мемлекеттік университетінің Алтаистика және түркітану орталығының мәліметінше, ғалымдар ерте орта ғасырлардың соңғы кезеңіне жатуы мүмкін жұптасқан қоршау-құрылыстардың жаңа тобын тапқан.
Зерттеу барысында қоршаулардың бірінен ағаш бағанның қалдықтары сақталғаны анықталды. Ал екі құрылымның арасынан жылқы сүйектері табылып, олардан радиокөміртектік талдау жүргізуге арналған үлгілер алынды. Бұл археологиялық ескерткіштердің нақты жасын анықтауға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, бұған дейін осы аумақта біздің заманымыздың VI ғасырдың екінші жартысы – VII ғасырдың бірінші жартысына жататын жеке қоршау-құрылыстар зерттелген болатын.
Мамандардың айтуынша, жаңа радиокөміртектік зерттеулердің нәтижелері барлық нысандардың бір кезеңде тұрғызылғанын немесе олардың ежелгі түркілердің әртүрлі топтарына тиесілі екенін анықтауға көмектеседі.
#Munarmedia #ASTANA #Қазақстан #Ресей #Алтай #Археология #Түркі #Тарих #Ғылым #Катанда2026