Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы квадроберлік туралы мәлімдеме жасады

75


«Алла Тағала адам баласына ақыл мен сана беріп, оны өзге жаратылыстардан ерекше қылып жаратты және оны көркем бейнеде жаратқан.

Қасиетті Құранда Алла Тағала: “Адам ұрпағын ардақтадық, оларға жерде және теңізде жүру мүмкіндігін бердік, игіліктерге бөледік және жаратқандарымыздың көбінен артықшылық сыйладық” деп айтады.

Келесі аятта: “Біз адамды ең көркем бейнеде жараттық” деп баяндалған», – деп жазылған ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мәлімдемесінде.

Аяттардың мазмұнына сәйкес, адамның өзін жануарға ұқсатуы, сол деңгейге түсуі және төрт аяқтап жүруі – өзін жоғары емес, керісінше, төмен дәрежеге түсіру болып саналады.

«Тіпті әйелдің еркекке, еркектің әйелге еліктеуі біздің шариғатымызда тыйым салынған. Сол сияқты, әдейі жануарларға тән қылықтарды қайталау (мысалы, иттің үруі, есектің ақыруы және т.б.), олардың жүрісін салу, тамағын жеу және әрекеттерін орындау – Алла Тағаланың жаратылысын өзгерту болып табылады.

Ал батырды арыстанға, айласын асырғанды түлкіге, сабырлыны түйеге теңеу немесе театр қойылымдары, балалар ойындары сынды әрекеттер квадроберлікке жатпайды», – деп түсіндірді ҚМДБ.

Осыған байланысты ҚМДБ: «Квадроберлік, яғни адамның өзін жануарлар деңгейіне түсіріп, олардың даусын, әрекеттерін қайталауы шариғат бойынша қатаң түрде тыйым салынады», – деген шешім шығарды.