Қазақстан мен Қырғызстан тарапы бейресми әңгімеде ОДКБ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовтен Ресейдің ұжымдық күштерге жүгінбеуіне ықпал етуді өтініп сұраған. Ресейдің Курск пен Белгород облыстарына Украинаның Қарулы күштері басып кіргендіктен, Ресей үкіметі үшін формалды түрде ұжымдық қауіпсіздік келісімін іске қосуға мүмкіндік ашылды.
Бірақ келесі аптада Иманғали Нұрғалиұлын Федерация Кеңесінің басшылығы кездесуге тартуы мүмкін. Егер кездесу орын алып жатса, Курск мәселесі де сөз болары анық. Осы кездесуден кейін Ресейдегі сенаторлардың ОДКБ-ға деген тоны қатаңдауы ықтимал.
Әзірге ОДКБ тек Қазақстандағы "Қаңтар оқиғасында" ғана қолданылды. Онда "елімізге шетелден террористер басып кірді" деген формулировка алға тартылғаны есте. Қазір Ресейдің Киев ұйымдастырып отырған шабуылды терроризм деп бағалап отырғанын ескерсек, Думада отырғандардың осы көзірді алға тартатыны күмән туғызбайды.
Тас түскен жеріне ауыр. Тасмағамбетовтың мойнына ауыр жүк артылып отыр. Қазақстанның осы конфликтке араласуын болдырмаса, онда "сын сағатында ұлт үмітін ақтады" деген тарихи бағасын алмақ.
https://t.me/dalainside