Munarmedia.kz 18.03.2026 /Astana/ – . Ел Global Soft Power Index 2026 рейтингінде 35,9 балл жинап, өткен жылмен салыстырғанда көрсеткішін 0,8 балға жақсартты.
Рейтинг 100-ден астам елден 150 мыңнан астам респондент қатысқан жаһандық сауалнама негізінде жасалған. Сарапшылар мемлекеттердің танымалдылығын, халықаралық беделі мен ықпалын, сондай-ақ инвестиция, сауда, талантты мамандар мен туристерді тарту қабілетін бағалаған. Тізімге Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше 193 мемлекет енгізілген.
Өңірлік көрсеткіштер:
Орталық Азия елдері арасында Өзбекстан 92-орынға (34,5 балл), Тәжікстан 129-орынға (31,0), Түрікменстан 138-орынға (30,2), ал Қырғызстан 142-орынға (29,8 балл) жайғасты.
Жаһандық көшбасшылар:
Рейтингтің алғашқы бестігіне АҚШ (74,9 балл), Қытай (73,5), Жапония (70,6), Ұлыбритания (69,2) және Германия (67,7) кірді.
Ал алғашқы ондықта бұдан бөлек Франция, Швейцария, Канада, Италия және Біріккен Араб Әмірліктері бар.
Сарапшылардың пікірінше, бұл индекс елдердің «жұмсақ күшін» — яғни мәдениет, бизнес, дипломатия және халықаралық бедел арқылы ықпал ету мүмкіндігін бағалайды. Бұл әскери күш немесе экономикалық қысымнан бөлек маңызды көрсеткіш саналады.