Риддер қаласында ТЭЦ-те жарылыс болып, алты адам зардап шекті. Оқиға 21 желтоқсанда таңғы 4:39-да орын алған.
Оқиға орнына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Кошербаев келді.
«Алты адам зардап шекті, олардың барлығы ауруханада, жағдайлары тұрақты», — деді өңір басшысы.
Әкімдік мәліметі бойынша, оқиға ленточный конвейердегі жоспарлы жөндеу-құрылыс жұмыстары кезінде болған.
«Дәнекерлеу жұмыстары кезінде ауа-шаң қоспасының жарылысы болды, бірақ әрі қарай өртену болмады. «Риддер ТЭЦ» кәсіпорны қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр. Үйлердегі температура қалыпты деңгейде», — деп хабарлады әкімдік.
Риддердегі сыртқы ауа температурасы -4 градус.
«Шығыс жылу» акционерлік қоғамының мамандары қаладағы жылумен жабдықтау жүйесін тексеріп, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.