Қазақстан теңіз порттарының өткізу қуаты 30 млн тоннаға дейін артады

44

Munarmedia.kz.04.09.2026.ASTANA– Қазақстан Каспий теңізіндегі көлік-логистикалық инфрақұрылымын кеңейтіп, теңіз порттарының өткізу мүмкіндігін арттыруды көздеп отыр. Ақтау және Құрық порттарында жаңа терминалдар салынып, айлақтар жаңғыртылып, түбін тереңдету жұмыстары жүргізілуде.

Жоспарға сәйкес, 2029 жылға дейін тағы сегіз жаңа кеме сатып алу көзделген. Олардың қатарында құрғақ жүк тасымалдайтын кемелер мен контейнер тасымалдаушылар бар.

Жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстары Транскаспий халықаралық көлік бағытының және «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық дәлізінің өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді.

Болжам бойынша, аталған бағыттар бойынша жүк тасымалдау көлемі жылына 6 млн тоннадан 10 млн тоннаға дейін ұлғаяды.

Сонымен қатар Қазақстанда теміржол инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасып жатыр. Соңғы бес жылда шамамен 5 мың шақырым теміржол жолы салынды және жаңғыртылды.

Нәтижесінде транзиттік тасымал көлемі 33 млн тоннаға жеткен.

Жалпы, теңіз порттары мен теміржол желісін қатар дамыту Қазақстанның транзиттік әлеуетін күшейтіп, Каспий арқылы өтетін халықаралық көлік дәліздерінің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Алдағы жылдары Ақтау және Құрық порттарының инфрақұрылымын жаңарту арқылы Қазақстанның теңіз арқылы жүк тасымалдау мүмкіндігін арттыру жоспарланып отыр.