Олар мұндай реформа көптеген ұсақ кәсіпорынның түбіне жетеді немесе оларды бизнесін жасырып жүргізуге мәжбүр етеді деп санайды.
Экономистер ҚҚС көтерілсе, инфляция күшейетінін, басқа да теріс салдары аз болмайтынын болжап отыр.

"Шағын бизнес бюджетке түсетін салықтың 5 пайызын ғана жапқанымен, еңбекке жарамды халықтың 70 пайызын жұмыспен қамтиды. Салықты көтерсе, кәсіпкерлерді жабылуға итермелейді, айналымын азайтады. Жалдамалы жұмысқа кетеді немесе адам тасып күнелтеді.
Бәріміз қол қусырып қарап отыратын шығармыз. Бұл салада тасада жұмыс істеп, қолма-қол ақша алатын, чек бермейтін кәсіпкерлер ғана қалуы мүмкін. Реттеушілер мұндайға жол беріп қарап отырмайды. Кәсіпкерлер де басқа жолын табады, тексерушілердің аузын майлайды. Солайша сыбайлас жемқорлыққа жол ашамыз" деді кәсіпкер Гүлбану Майғарина.