Munarmedia.kz 03.12.2025 / Астана / 2025 оқу жылында Қазақстан жоғары оқу орындарында 88 елден келген 35 075 шетелдік студент білім алуда. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 11%-ға жоғары, деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
Шетелдік студенттердің ең ірі топтарын құрайтын мемлекеттер:
-
Үндістан – 9 959 студент,
-
Түрікменстан – 9 089 студент,
-
Өзбекстан – 4 136 студент,
-
Қытай – 3 367 студент,
-
Ресей – 2 426 студент.
Қазақстанның үш мегаполисі – Алматы, Астана және Шымкент – халықаралық білім алушылар үшін негізгі бағытқа айналды. олардың арасында:
-
Алматы – 18 195 студентпен жетекші орында,
-
Астана – 4 292 студент,
-
Шымкент – 3 645 студент.
Сарапшылардың бағалауынша, халықаралық студенттер санының тұрақты өсуі Қазақстанның аймақтағы білім беру хабы ретіндегі беделінің артқанын көрсетеді. Білім миграциясының кеңеюі университеттердің халықаралық әріптестігін күшейтіп, ел экономикасына да оң ықпал етуде.