Қазақстан жаңа өнімнің алғашқы 1 млн тоннасын тасымалдады

50

Munarmedia.kz.03.09.2026.ASTANA- Қазақстанда жаңа егін орағының алғашқы 1 млн тоннаға жуық астығы теміржол арқылы тасымалданды. Тамыз айында астық жөнелту көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35 пайызға артты. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы хабарлады.

Жалпы тасымалданған астықтың 895 мың тоннасы экспортқа жөнелтілген.

Экспорттық бағыттар бойынша да өсім байқалады. Атап айтқанда, Қытайға астық жеткізу көлемі екі есеге, ал Ауғанстанға экспорт үш еседен астам өскен.

«Қазақстан темір жолы» мәліметінше, жаңа егіннің алғашқы өнімін тасымалдау жұмыстары елдегі астық экспортының негізгі бағыттары бойынша қарқынды жүргізіліп жатыр.

Астық тасымалының артуы Қазақстанның аграрлық өнімдерін сыртқы нарықтарға жеткізу көлемінің ұлғайғанын көрсетеді.

#Munarmedia #Қазақстан #Астана #Астық #ЖаңаӨнім #Экспорт #ҚТЖ #Қытай #Ауғанстан #АуылШаруашылығы #Экономика