Қазақстанда 800 мыңға жуық киікті ату туралы шешім қабылданды. Олардың етінен консерві жасалмақ, деп хабарлайды Ertenmedia.
Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді. Министрдің айтуынша, ғылыми зерттеу нәтижесі елдегі жалпы саны 4 миллионға жуықтаған киік популяциясының 20 пайызын санаттан сызуды ұсынған.
«Ғылыми қорытынды киік санын 20 пайызға азайтуды ұсынып отыр. Бүгінгі күнгі ресми есеп бойынша елдегі киік саны 4 млн-ға тақап қалды. Оның ішінде Орал популяциясында 2 млн 300 мың, Бетпақдалада 1 млн 600 мың, Үстіртте 78 мың бас тіркелген. Етке кететін киік саны шамамен 800 мыңды құрайды", – деді министр.
Әзір министрлік жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, етті қайта өңдейтін зауыт ашу мәселесін қарастыруда. Жоспар бойынша, өңделген киік етінен консерві дайындалып, нарыққа шығарылмақ.