2025 жылдың 25 қазанында Қазақстанның ұлттық қаһарманы Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толады. Бұл мерейтойды ел көлемінде ауқымды іс-шаралармен атап өту жоспарлануда, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Әлия Молдағұлова – Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған алты әйел мергеннің бірі.
18 жасында ол 1944 жылдың қаңтарында Ленинград-Новгород операциясы барысында, Ленинград қоршауын бұзу кезінде ерлікпен қаза тапты.