Қазақстан, Беларусь және Ресей қаржылық барлау қызметтерінің қатысуымен өткен арнайы операция нәтижесінде үш ірі «есірткі дүкені» жабылып, 35 есірткі сатушысы ұсталды.
1787 заңды тұлғаның жалған қаржылық операциялар мен мәмілелер жасаған әрекеттері тоқтатылды. Сондай-ақ террористік және экстремистік ұйымдардың шоттарына қаражат аударудың 1,2 мың әрекеті анықталып, бұғатталды.
Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Еліманов президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ведомствоның 2024 жылғы жұмысының негізгі қорытындылары туралы есеп беру кезінде мәлімдеді.
ҚМА төрағасы мемлекет басшысына 2023–2025 жылдарға арналған көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі Кешенді жоспар шараларының жүзеге асырылуы оның деңгейін 1,3%-ға төмендетуге мүмкіндік бергенін баяндады.
1 312 қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, 236,8 млрд теңге көлемінде келтірілген шығын өтелді, 152,3 млрд теңге көлемінде қылмыстық жолмен алынған табыс тәркіленді.