Munarmedia.kz 01.02.2026 /Астана/ Қазақстанда бірқатар банктердің халықаралық қаржылық операцияларына қатысты тексеру жүргізу басталды. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлімдеді.
Ведомствоның хабарлауынша, аталған мәселелерді қарау мақсатында жекелеген банктердің трансшекаралық операцияларына заңнамада белгіленген тәртіппен тексеру басталған.
«Осы мәселелерді зерделеу үшін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің және Қаржылық мониторинг агенттігінің қатысуымен бірқатар банктердің трансшекаралық операцияларына тексеру бастамашы етілді», – деп түсіндірді агенттік өкілдері.