Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуінің халықтың денсаулығына қалай әсер ететіні әлі зерттелмеген. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки мәлімдеді.
Оның айтуынша, зерттеу жүргізуге арналған конкурс процедуралары әлі жалғасуда, ал жеңімпаз бір ай ішінде анықталады. Жобаға консорциум тартылмақ. Алайда, депутаттар зерттеуді 2024 жылдың наурызына дейін аяқтауды талап еткен болатын, бұл қойылған мерзімнің жүзеге асу мүмкіндігіне күмән тудырады.
Ахмед-Заки журналистерге зерттеудің техникалық тапсырмасымен танысып, қысқа мерзім ішінде ғалымдар кем дегенде аралық қорытынды жасай алатындығын өз беттерінше бағалауды ұсынды.
Еске салсақ, қазақстандықтар бірыңғай уақыт белдеуінде өмір сүріп келе жатқанына бір жылға жуықтады. Осы уақыт ішінде үкіметтің шешімі қоғам мен парламент мүшелерінің қатаң сынына ұшырады. Аталған қаулыны сот арқылы жоққа шығару әрекеттері сәтсіз аяқталған.
📸 Фото: Ашық дереккөздер