Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Қазақстанда Еңбек мамандықтары жылы: Комиссия құрылды

63


2025 жылғы 13 қаңтарда ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Еңбек мамандықтары жылын өткізу бойынша Комиссия құру туралы өкімге қол қойды. Комиссияның мақсаты:

Еңбек мамандықтарының беделін арттыру;

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту;

Жастар мен жұмыс берушілерді осы салаға тарту.

Комиссия құрамына негізгі ведомстволардың вице-министрлері, кәсіподақ өкілдері, бизнес қауымдастығының мүшелері және жетекші салалық қауымдастықтар өкілдері енді.

🔹 Комиссияның негізгі міндеттері:

Ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;

Барлық мүдделі тараптардың іс-қимылын үйлестіру.

🔹 Жұмыс органы: ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Комиссия отырыстары тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.

📌 Еске сала кетейік:

Еңбек мамандықтары жылын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында жариялаған болатын. Президент адал және табанды еңбек арқылы жетістікке жеткен адамдарға құрмет көрсетудің маңыздылығын атап өтті.

📸 Фото: Ашық дереккөздер