Munarmedia.kz.03.09.2026.ASTANA- Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі интерндер мен резиденттерді оқу кезеңінде медициналық қателік салдарынан туындауы мүмкін жағдайлардан сақтандыруды ұсынды.
Ұсынысқа сәйкес, егер интерн немесе резидент медициналық көмек көрсету барысында әрекеті салдарынан пациенттің денсаулығына зиян келтірсе, науқасқа сақтандыру төлемін қарастыру жоспарланып отыр.
Қазіргі уақытта өтемақыны төлеу тәртібі, сондай-ақ сақтандыру төлемін нақты қай тарап жүзеге асыратыны әзірге нақтыланбаған.
Сонымен қатар медициналық қызметкерлерді жұмыс орнында шабуылға ұшырап, жарақат алу немесе денсаулығына өзге де зиян келтіру жағдайларынан сақтандыру ұсынылуда.
Осы мақсатта медицина қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын сақтандыруға арналған үлгілік шартты бекіту жоспарланған.
Жаңа тетік медициналық білім алып жүрген интерндер мен резиденттерді, сондай-ақ денсаулық сақтау саласының қызметкерлерін кәсіби қызмет барысында туындайтын тәуекелдерден қосымша қорғауға бағытталмақ.
#Munarmedia #Қазақстан #Астана #ДенсаулықСақтау #Медицина #Интерн #Резидент #МедициналықҚызметкер #Сақтандыру #ДәрігерлікҚате