АСТАНА. 4 шілде. Munarmedia.kz – Қазақстанда 18 жасқа толмаған азаматтарды түнгі уақытта жұмысқа тартуға заңмен тыйым салынған. Еңбек заңнамасына сәйкес, кәмелетке толмаған қызметкерлер сағат 22:00-ден кейін еңбек міндеттерін атқара алмайды.
Жазғы демалыс кезеңінде уәкілетті органдар жұмыс берушілер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Бұл шаралар барысында жасөспірімдерді жұмысқа қабылдау тәртібі, олардың еңбек құқықтарын сақтау, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың атқара алатын жұмыс түрлеріне қатысты заң талаптары түсіндіріледі.
Сонымен қатар еңбек заңнамасының сақталуын бақылау тек азаматтардың өтініштері немесе шағымдары негізінде жүзеге асырылады. Биыл кәмелетке толмаған қызметкерлердің еңбек құқықтарының бұзылуына қатысты мемлекеттік органдарға ешқандай шағым түспеген.
#MunarMedia #Astana #Қазақстан #ЕңбекЗаңнамасы #Жасөспірімдер #ЕңбекҚұқығы #ЖазғыДемалыс