Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Қазақстанда кедейлік деңгейі соңғы 10 жылда екі есеге жуық артты – Мәжіліс депутаты

139

Munarmedia.kz 19.06.2025 /Астана/-Қазақстанда кедейлік деңгейі соңғы он жыл ішінде 2,7%-дан 5,1%-ға өсті. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Рахимжанов республикалық бюджеттің 2024 жылғы атқарылуы жөніндегі Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның есептерін талқылау кезінде айтты.

– Ресми статистикаға сүйенсек, 2015 жылы еліміздегі кедейлік деңгейі 2,7% болған. Ал 2024 жылдың IV тоқсанында бұл көрсеткіш 5,1%-ға жетті, – деді депутат.

Оның айтуынша, бұл ресми мәліметтің өзі кедейліктің шынайы бейнесін толық көрсете алмайды.

– Қаншама адам бұл санатқа енбей отыр. Тек жеке кәсіпкерлікпен айналысатын, бірнеше тауық не ұсақ мал ұстайтын немесе жеке тасымалмен айналысатындар болғаны үшін олар кедейлер қатарына кірмей қалады, – деді Рахимжанов.

Еске салсақ, 2025 жылғы 17 маусымда KazTAG агенттігі Қазақстандағы ең төменгі базалық зейнетақы мен күнкөріс деңгейі Дүниежүзілік банк жаңартқан халықаралық кедейлік шегінен төмен екенін хабарлаған болатын.

Фото дереккөзі: ©Мадина Алимханова