Сенатта мас күйінде рөлге отырған жүргізушілерге қатысты жазаны қайта қарау мәселесі талқыланбақ. Сенатор Мұрат Қожаевтың айтуынша, жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған азаматтардан парламентке шағымдар түсіп жатыр.
Бұрын Қазақстанда мас жүргізушілерді алғашында бір жылға, кейін екі жылға, одан кейін бес жылдан жеті жылға дейін құқығынан айыратын. Енді сенатта бұл мерзімді қысқарту мүмкіндігі қарастырылмақ.