Қазақстанда ең көп өндірістік жарақат тіркелген өңірлер – Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары.
Ең қауіпті салалар
Көбінесе жарақат алу жағдайлары тау-кен-металлургия өнеркәсібінде (18,3%) және құрылыс саласында (10,1%) тіркелген, деп хабарлайды Ranking.kz.
Көлеңкеде қалған қайғылы статистика
Аналитиктердің айтуынша, шахтерлердің жаппай қаза табуы – өндірістегі жарақаттанудың ең шулы оқиғалары ғана. Шындығында, күнделікті статистикада айтылмайтын көптеген қайғылы жағдайлар бар.
Мысалы:
Майқайыңдағы апат төрт адамның өмірін қиған.
2024 жылы өндірісте 202 қазақстандық қаза тапты.
2023 жылы Костенко шахтасындағы жарылыс 46 адамның өмірін жалмады.
Сол жылы Қазақстан бойынша шахталарда, зауыттарда және құрылыс нысандарында 246 адам көз жұмды.
Қауіпсіздік талаптары күшейтіледі
Жақында “Жомарт” кенішінде болған қайғылы оқиғадан кейін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев елде өндірістік қауіпсіздікке қатысты заңнаманы қатайту жоспарланып отырғанын мәлімдеді.
Қазақстанда өндірісте жарақат алу жиі кездесетін өңірлер белгілі болды
