Munarmedia.kz.17.11.2026.ASTANA  Қазақстанда бір айға созылған «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық операциясы барысында тұрақты тұрғылықты жері жоқ 3,5 мыңнан астам адам анықталды.

Сонымен қатар полиция көші-қон заңнамасын бұзудың шамамен 42 мың дерегін тіркеп, 9 мыңға жуық шетел азаматын жауапкершілікке тартты.

Операция кезінде құқық қорғау органдары тұрғын үйлер мен өзге де нысандарды қоса алғанда, 576 мың объектіні тексерген. Халықпен 12 мыңнан астам кездесу өткізілген.

Бұдан бөлек, қару иелеріне жүргізілген тексеру барысында 1,5 мың заңбұзушылық анықталып, тіркеусіз сақталған 195 қару тәркіленді.

Операцияның негізгі мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, көші-қон заңнамасының сақталуын бақылау және заңсыз айналымдағы қаруды анықтау.

#Қазақстан #Қауіпсіздік #Полиция #КөшіҚон #ҚұқықБұзушылық #Munarmedia