Munarmedia.kz.17.11.2026.ASTANA  Қазақстанда 2026–2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасын жүзеге асыруға 1,3 триллион теңге бағытталады. Бағдарлама балалардың білім алуына, денсаулығын қорғауға, қауіпсіздігіне және әлеуметтік қолдауына қатысты мәселелерді қамтиды.

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, бағдарлама аясында барлығы 158 іс-шара қарастырылған. Оның 70 пайызы қазірдің өзінде орындалған.

Министрдің мәліметінше, Қазақстанда шамамен 7 миллион бала тұрады. Ал олардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған мемлекеттік инвестициялардың жалпы көлемі 6,4 триллион теңгеге жеткен.

Жаңа бағдарлама балалардың құқықтарын қорғау, сапалы білім мен медициналық қызметке қолжетімділікті арттыру, сондай-ақ қауіпсіз әлеуметтік орта қалыптастыру бағыттарын қамтиды.

#Қазақстан #ҚазақстанБалалары #БалаларҚұқығы #Білім #Денсаулық #ӘлеуметтікҚорғау #Munarmedia