Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Қазақстанда қыз ұрлау жазасын қатаңдату жоспарлануда

38


Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов депутаттардың атқарған жұмыстары туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа есеп берді. Есеп барысында басты мәселелердің бірі ретінде қыз ұрлауға қатысты  жазаны күшейтуге бағытталған заңнамаға түзетулер енгізу жұмыстары аталды.

Наурыз айында Атырауда өткен Ұлттық кұрылтайда Президент қыз ұрлауды «қоғамдағы ақылға сыймайтын, қараңғылықты күшейтетін» әрекет деп сипаттап, заңды қайта қарауды тапсырған болатын.

«Президенттің тапсырмасы негізінде депутаттар қыз ұрлау үшін жазаны қатаңдату бойынша түзетулер әзірлеп жатыр», — деп мәлімдеді Қошанов.

Қазіргі уақытта депутаттардың қарауына 71 заң жобасы ұсынылған. Олардың қатарында салық, су, құрылыс, цифрлық кодекстер, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, тұрғын үй құрылысындағы үлестік қатысу, қаржы нарығын дамыту, әскери-патриоттық тәрбие және пошта мәселелері жөніндегі заң жобалары бар.