Қазақстанда сарбаздар бір жылда әскери қызметпен бірге мамандық игереді — Sarbaz+ жобасы іске қосылды

21

Munarmedia.kz 06.12.2025 / Астана Елде әскер қатарына жаңа шақырылғандар үшін тың формат ұсынылды. Sarbaz+ деп аталатын жоба аясында жаңадан келген жауынгерлер әскери міндетін өтей жүріп, азаматтық салада сұранысқа ие мамандықтарды меңгеретін болады.

Алғашқы топ Әуе қорғанысы күштерінің 78460 әскери бөлімінде қызметін бастады. Бұл жерде мерзімді әскери қызметке кіріскен жас сарбаздар параллель түрде IT, телеком саласы және дрондарды басқару бағыттары бойынша білім алып жатыр.

Бағдарлама тек қатардағы жауынгерлерге емес, сондай-ақ біліктілігін арттырып жатқан офицерлер мен сержанттарды да қамтиды. Қорғаныс саласындағы жаңа бастама сәтті жүзеге асса, Sarbaz+ жобасы Қарулы күштердің барлық бөлімдеріне кеңейтіледі.

Мемлекеттік органдардың айтуынша, бұл бастама жастардың кәсіби дамуына, әскерден кейінгі еңбек нарығына жеңіл бейімделуіне және армиядағы технологиялық мүмкіндіктердің артуына ықпал етпек.