Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Қазақстанда спорттағы радикализмге қарсы шаралар күшейтілмек

59


Сенат елдегі спорт федерацияларын діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға міндеттейтін түзетуді мақұлдады.

Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаевтың айтуынша, бұл мәселені шешудің уақыты әлдеқашан келген, өйткені қазақстандық спортшылар осындай ықпалдың құрбанына айналып жатыр.

«Біз ғана емес, басқалар да бұл мәселені талай рет көтерді. Бұл тақырып Бурабайдағы Құрылтай секциялық алаңдарының бірінде де қозғалды», – деді ол Сенат кулуарында.

Бұл мәселені Қасым-Жомарт Тоқаев та IV Ұлттық құрылтайда көтерген болатын. Сенат мақұлдаған түзетулер Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп әзірленді.

«Бұған дейін федерациялар бұл бағытта ешқандай жұмыс жүргізбеген, бірақ енді олар бұл мәселеге ерекше назар аударуы тиіс. Діни ықпалдың факторларын алдын ала анықтап, тиісті мемлекеттік органдарға хабарлау қажет», – деді Жарасбаев.

Жаңа норманы түсіндіру үшін наурыз айының соңынан бастап сәуір бойы Мәдениет және спорт министрлігі аймақтарды аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Бұл шараларға теологтар да қатыспақ.