Munarmedia.kz.17.11.2026.ASTANA   Қазақстанда тұрғын үй бағасының өсуі жалғасуда. Сатып алушылардың белсенділігі төмендеп, нарықтағы сұраныс бәсеңдегенімен, баспана құны арзандар емес.

2026 жылғы қазан айында жаңа тұрғын үйлердің бір шаршы метрінің орташа бағасы 629,5 мың теңгеге жетті. Ал қайталама нарықтағы пәтерлердің орташа құны 639 мың теңгені құрады.

Сарапшылар бағаның өсуін инфляциямен және құрылыс материалдары мен жұмыстар құнының қымбаттауымен байланыстырады. Олардың айтуынша, әлеуетті сатып алушылар баспана алуға бұрынғыдан сақтықпен қарай бастаған. Соның салдарынан тұрғын үйге деген сұраныс төмендеген.

Алайда сұраныстың азаюы әзірге бағаның төмендеуіне әсер еткен жоқ. Бұл Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында баспана құнына әсер ететін негізгі факторлардың бірі тек сатып алушылардың белсенділігі емес екенін көрсетеді.

#Қазақстан #ТұрғынҮй #ЖылжымайтынМүлік #БаспанаБағасы #Экономика #Munarmedia