16.06.2026. ASTANA. Munarmedia.kz – Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында баяулау белгілері байқалып отыр. Сарапшылардың айтуынша, тұрғын үй бағасының өсуі, инфляция деңгейінің жоғарылауы және халықтың сатып алу қабілетінің төмендеуі баспанаға сұраныстың азаюына әсер етуде.
Мәселені түсіндірген Дәулет Мұқаев қазіргі нарықтағы тұрғын үй бағасы бірқатар жағдайда нақты сұраныс деңгейінен жоғары екенін атап өтті. Оның пікірінше, пәтер сатып алуға қауқарлы азаматтардың саны азайған сайын нарықтағы белсенділік те төмендей береді.
Депутаттың айтуынша, баспана бағасының күрт құлдырауын күтуге негіз жоқ. Дегенмен нарықтағы сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігі өзгерген жағдайда тұрғын үй құнының біртіндеп төмендеу ықтималдығы бар.
Сарапшылар да соңғы уақытта тұрғын үй нарығындағы мәмілелер санының азайғанын және сатып алушылардың сақтық таныта бастағанын айтады. Бұған ипотекалық несиелердің қымбаттауы, инфляциялық қысым және халық табысының өсу қарқынының баяулауы әсер етуде.
Мамандардың пікірінше, алдағы кезеңде тұрғын үй нарығындағы баға динамикасы экономикалық жағдайға, ипотекалық бағдарламалардың қолжетімділігіне және халықтың төлем қабілетіне тікелей байланысты болмақ.
#Қазақстан #ТұрғынҮй #ЖылжымайтынМүлік #Баспана #ПәтерБағасы #Инфляция #ДәулетМұқаев #Экономика #MunarmediaKZ